Опубликовано 26.02.2023 19:11

Дәріс №1. Түйелердің таралу аймағы және популяциялық құрылымдары

1. Түйелердің таралу аймағына әсер ететін негізгі факторлар. 2. Түйелердің таралу аймақтарына байланысты популяциялық ерекшеліктері

Қазіргі түйелер Badacamelus -тен пайда болған және екі түр ретінде таралған: бір өркешті дромедарлар (camelus dromedarus) және қос өркешті бактриандар (camelus baktrianus).

Қос өркешті түйелерге біздің заманымызға дейінгі 1-ші мың жылдықта әлемге белгілі болған Бактрия мемлектінің атына сәйкес бактриан деген атау берілген. П.В. Кугенев [1] пікірінше, «Бактрия мемлекеті ауғанстанның Солтүстік облысының аумағында орналасқан болатын және сол кездері Орта Азиядағы жер өңдеу мәдениетінің ескі орталығы еді. Жергілікті халықтың қолында қолға үйретілген көптеген түйе болды, олар қос өркешті түйелер болса керек»-деп жазады өзінің еңбегінде ғалым

Түйелердің таралу аймағына келесідей факторлар әсер етеді:

- біріншіден, ауа райы факторлары (жарық, температура, ылғалдылық, жел және т.б.):

- екіншіден, орографиялық факторлар немесе жер бедерінің жағдайы (жердің теңіз деңгейінен биіктігі, жердің экспозициясы, яғни оның күннің шығу жағына сәйкес бағытталуы және т.б.):

- үшіншіден, эдафикалық немесе топырақ-жер қабаты факторлары (топырақ түйіршіктерінің түрлері, химиялық құрамы, тығыздығы, құрылысы, PH және т.б.);

- төртіншіден, гидрологиялық факторлар (судың ағысы, тұздылығы, қысымы және т.б.).

Қазіргі кезде ауа райының өте қатты өзгеруі және жер қыртысы экологиясының бұзылуы себепті, топырақ қабаты эрозияға ұшырап жарамсыз болып қалған жерлер көлемінің ұлғаюы байқалады. Осыған байланысты, өнімділік бағытындағы  мал шарушылығын жоғары деңгейде дамытуға қажетті жағдайлар мен оған жеткілікті қорлар мөлшері  азая түсуде. Қорлар   бұл тірі ағза тұтынатын тіршілік ету ортасының  экологиялық факторы және олардың мөлшері тіршілік иелерімен болған  қатынастан кейін  азаюы мүмкін (азық, су, күн қуаты, оттегі, көмір қышқыл газы және т.б.). Жағдайлар – бұл ағза тікелей тұтынбайтын тіршілік ету ортасының экологиялық факторлары, яғни, олардың мөлшерлері азаймағанмен ағзаға әсерлері болуы мүмкін (температура, ылғалдылық, ауа қысымы, тартылыс күші және т.б.).

Ағзаның қоршаған ортаның жағдайларына бейімделу мүмкіндігінің маңызы өте зор. Ч. Дарвиннің бейімдеушілік аксиомасына сәйкес, әрбір түр белгілі бір, яғни, тек соған ғана арналған тіршілік ету жағдайларының жиынтығына ғана бейімделген. Бейімделу – бұл эволюция үдерісі барысында пайда болған, ағзаның тіршілік ету ортасына сіңісу қабілеті. Бейімделу тірілей материяның ұйымдасуының барлық деңгейінде, яғни, молекулярлықтан бастап биоценотикалыққа дейінгі аралықта көрініс табады. Бейімдеушілік қабілеті – бұл тірі материяның тіршілік етуін қамтамасыз ететін негізгі қасиет болып табылады. Бейімдеушілік тұқымқуалаушылықтың, өзгергіштіктің және сұрыпталудың (қолдан немесе табиғи) ықпалы негізінде дамиды.

Табиғаттағы тірі дүние бірлігі – дара (особь) болып табылады. Эволюциялық көзқарас бойынша дара дегеніміз – өлім-жітімге ұшырайтын не бомаса өзінің геномын кейінгі ұрпаққа қалдыратын сұрыпталу бірлігі. Табиғатта даралар өздерінің саны, иемденетін кеңістігі және ондағы орналасу тығыздығы бойынша икемді, шағын топтарға бірігеді. Таза қанды түйелер популяциялары, олардың тіршілік ету аймақтарының көлеміне және даралар ішіндегі өзара байланыстылық дәрежесіне қарай келесі: аналық жанұяларға (маточные семейства), желілерге (линия), мерустер, шағын популяциялар (микропопуляциялар), оқшау (локальды) популяциялар, экологиялық және географиялық популяцияларға бөлінеді.

Аналық жанұяларға (маточные семейства) – өнімділігі өте жоғары бір аналақтан тараған, саны бойынша 20 бастан кем болмаған жануарлар тобы жатады.

Желі   өнімділігі өте жоғары бір аталықтан тараған, тікелей ұрпағының саны 30 бастан кем болмайтын жануарлар тобы.

Мерустер – жақсартушы бураның желісіне кіретін бірнеше (2 ден кем емес) аналық жанұялардан тараған түйе ұрпақтарының шектеулі бір аймақта ғана таралған тұқымдарының бірігуі.

Шағын популяциялар (микропопуляциялар) – конституциялық (сыртқы пішіндік) типтері мен өнімділік бағыттары ұқсас, түстері бірдей, белгілі бір экологиялық аймақта таралған бірнеше (2 ден кем емес) мерустер бірлестігі.

Локальды (оқшау, жеке) популяция – белгілі бір оқшауланған және шектелген территорияда өсіп таралған бірнеше шағын популяциялар жиынтығы. Локальды (қарапайым) популяция – даралардың қарапайым тобы ретінде толық панмиксиямен сипатталады. Локальды популяциялардың таралу шекарасын популяция тығыздығының өзгеруін, соңғы 5 жылдағы түйелер санының динамикасын, өзіндік генетикалық ерекшеліктердің болуын талдау арқылы белгілейді. Түйелер популяцияларының генетикалық өзгешеліктерін қазіргі кезде кариология, қан мен сүттің ақуыздарын электрофорез әдістерін қолдану арқылы анықтайды. Бұл орайда ДНҚ- ын секвенирлеу жұмыстары болашағы бар бағыт болып саналады.

Экологиялық популяция – өзіне тән табиғи және қоректік жағдайы бар, нақты бір экологиялық аймақта таралған, бірнеше оқшауланған (локальды) популяциялар бірлестігі. Басқаша айтқанда, экологиялық популяция – аралас кеңестіктегі оқшауланған популяциялардың жиынтығы. Н.П. Наумов [2] экологиялық популяцияның өзіндік ерекшеліктері ретінде, олардың өмір сүру циклдерінің сәйкестігін (жылдық цикл фазасының келуі: жүнінің түлеуі, қоныс аудару жағдайлары, жыныстық белсінділіктің үйлесуі және т.б.) келтіреді.

Географиялық популяция – белгілі бір мекенде (ареал) тіршілік ететін өздеріне ұқсаған басқа оқшау популяциялардан, жүйе ішінде бір-бірін алмастыра алатындығымен ғана емес, сонымен бірге таксономикалық маңызға ие белгілеріменде ерекшеленетін локальдық популяциалар жүйесі. Географиялық популяция жақын кеңістіктегі экологиялық популяциялар тобының жиынтығы. А.С. Северцов [3] географиялық популяцияны гоеграфиялық түр тармағы деп атайды. Түйелер тобыры олардың бүкіл иерархиясы сияқты, өздерінің салыстырылатын дромедар мен бактриян түрлерінің таксономиялық және экологиялық туыстық дәрежесіне сай, көзге айқын көрінетін ұқсастық пен тек өздеріне тән ерекшеліктеріне ие келеді.

Жабайы популяциалар – әлі де доместикация үдерісінен өте қоймаған, ауыл шаруашылығы мен өнім өндіру үшін пайдаланылатын, үй жануарларының жабайы ата-тектері болып табылады.

Тағыланып (жабайыланып) кеткен популяциалар – ілгергі кезде арғы тегі үй жануары болғындығына қарамастан, қазіргі күні адамның көмегінсіз өмір сүріп жүрген, жабайылар  санатына қосылған жануарлар тобы жатады. Бұларға, мысал ретінде, Австралиядағы жалғыз өркешті түйелер мен америка континентіндегі жабайы мустанг жылқыларын келтіруге болады.

Тұқым – бір түрге жататын және шығу тегі бір болғанымен, шаруашылықтық маңызы бар құнды белгілерді дамыту мақсаттарында арнайы қолдан сұрыпталып, адамның бағытты әрекетінің ықпалы нәтижесінде пайда болған, іріктеу, жұптау арқылы өзіндік морфофизиологиялық ерекшеліктері қалыптасқан, гинотиптеріне сәйкес тиісті технологиялық жағдайлар жасалынған, шаруашылыққа қажетті және тұқымдық асыл құндылықтары бар, "өз ішінде" көбейтуге қажетті сан мөлшері жеткілікті дәрежедегі ауыл шаруашылық жануарлар тобы.

Жаңадан шығарылған жануар тұқымдарында өзіне ғана тән біріңғайлылығын мойындауда басқада финотипі ұқсас топтардан географиялық не болмаса мәдени ажыратылуы себеп болған, я болмаса, бір түрдің ішіндегі көзбен көріп бағалау арқылы осындай әдіспен бағаланған басқа топтарадан оңай ажыратылатын, өзіндік сыртқы сипаттамаларға ие ауыл шаруашылық жануарларының тобы жатады (Айала Ф. [4]).

Генофонды шектеулі тұқымдар – отандық тұқымдар ішінде кездесетін, әлемде теңдесі жоқ және тұқым асылдандыру мақсатында пайдалануға өте қажетті, жойылып кету қауіпі төніп тұрған жануарлар тобы.

Жергілікті тұқымдар – тек бір ғана елде кездесетін тұқымдар.

Мемлекетаралық трансшекаралық тұқымдар – бірнеше едлерде кездесетін тұқымдар, олар аймақтық мемлекетаралық трансшекаралық тұқымдар және халықаралық трансшекаралық тұқымдар болып екіге бөлінеді.

Аймақтық трансшекаралық тұқымдар SoW-AnGR белгілеген жеті аймақтың бірінде ғана кездеседі.

Халықаралық трансшекаралық тұқымдар Sow-AnGR классификацияланған аймақтардың бірнешеуінде кездеседі. Sow - AnGR классификацияланған аймақтар қатарына: Африка, Европа мен Кавказ, Латын Америкасы және Кариб бассейні, Таяу пен Орталық Шығыс, Солтүстік Америка, Тынық мұхиттың оңтүстік-батыс бөлігі сияқты барлығы 7 аймақ кіреді.

Жануарлардың генетикалық қорлары (ЖГҚ) – бұл, азық-түлік өндіру және ауыл шаруашылығы үшін пайдаланылып келген, не болмаса пайдалануы мүмкін жануарлар түрлері мен олардың ішіндегі популяциялық топтары.

Тұқым ішіне кіретін әр түрлі популяциалар көбінесе жеке тұқым ретінде қарастырылады. Тұқымдар, әдетте генетикалық жағынан толық оқшаулана алмайды. Олар нарық сұранысына жауап беру үшін әрдайым өзгеріп тұрулары және оқтын-оқтын басқа тұқымдармен қан алмастыру арқылы толығып отырулары қажет. Тұқымға, мүшелері тек өздеріне тән ерекше сипаттамалары және өзге ұқсас топтардан ерекшеленіп тұратын белгілері бар, әр түрлі түрішіндік топтар кіреді. Тұқымға, тұлға бітімдері біркелкі және біріңғай генофонд құрайтын, ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жанураларды жатқызады. Мал өнімдерін өндірудің тұрақты түрде арту динамикасы, жануарлардың генетикалық қоры жағдайына тікелей байланысты. Жануарлардан өндірілетін азық-түліктер қатарына, тағамға тиісті өңдеусіз пайдалануға болмайтын шикізаттар – ет және май өнімдері, сүт және сүт өнімдері, балық және балық өнімдері, жұмыртқа өнімдері, сондай-ақ ара шаруашылығы өнімдері де жатады.

Жаңадан шығарылған жануар тұқымдарында өзіне ғана тән біріңғайлылығын мойындауда басқада финотипі ұқсас топтардан географиялық не болмаса мәдени ажыратылуы себеп болған, я болмаса, бір түрдің ішіндегі көзбен көріп бағалау арқылы осындай әдіспен бағаланған басқа топтарадан оңай ажыратылатын, өзіндік сыртқы сипаттамаларға ие ауыл шаруашылық жануарларының тобы жатады.

Генофонды шектеулі тұқымдар – отандық тұқымдар ішінде кездесетін, әлемде теңдесі жоқ және тұқым асылдандыру мақсатында пайдалануға өте қажетті, жойылып кету қауіпі төніп тұрған жануарлар тобы.

Жергілікті тұқымдар – тек бір ғана елде кездесетін тұқымдар.

Мемлекетаралық трансшекаралық тұқымдар – бірнеше едлерде кездесетін тұқымдар, олар аймақтық мемлекетаралық трансшекаралық тұқымдар және халықаралық трансшекаралық тұқымдар болып екіге бөлінеді.

Аймақтық трансшекаралық тұқымдар SoW-AnGR белгілеген жеті аймақтың бірінде ғана кездеседі.

Халықаралық трансшекаралық тұқымдар Sow-AnGR классификацияланған аймақтардың бірнешеуінде кездеседі. Sow - AnGR классификацияланған аймақтар қатарына: Африка, Европа мен Кавказ, Латын Америкасы және Кариб бассейні, Таяу пен Орталық Шығыс, Солтүстік Америка, Тынық мұхиттың оңтүстік-батыс бөлігі сияқты барлығы 7 аймақ кіреді.

Жануарлардың генетикалық қорлары (ЖГҚ) – бұл, азық-түлік өндіру және ауыл шаруашылығы үшін пайдаланылып келген, не болмаса пайдалануы мүмкін жануарлар түрлері мен олардың ішіндегі популяциялық топтары.

Тұқым ішіне кіретін әр түрлі популяциалар көбінесе жеке тұқым ретінде қарастырылады. Тұқымдар, әдетте генетикалық жағынан толық оқшаулана алмайды. Олар нарық сұранысына жауап беру үшін әрдайым өзгеріп тұрулары және оқтын-оқтын басқа тұқымдармен қан алмастыру арқылы толығып отырулары қажет. Тұқымға, мүшелері тек өздеріне тән ерекше сипаттамалары және өзге ұқсас топтардан ерекшеленіп тұратын белгілері бар, әр түрлі түрішіндік топтар кіреді. Тұқымға, тұлға бітімдері біркелкі және біріңғай генофонд құрайтын, ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жанураларды жатқызады. Мал өнімдерін өндірудің тұрақты түрде арту динамикасы, жануарлардың генетикалық қоры жағдайына тікелей байланысты. Жануарлардан өндірілетін азық-түліктер қатарына, тағамға тиісті өңдеусіз пайдалануға болмайтын шикізаттар – ет және май өнімдері, сүт және сүт өнімдері, балық және балық өнімдері, жұмыртқа өнімдері, сондай-ақ ара шаруашылығы өнімдері де жатады.

Үй жануарларының популяциялары келесі келтірілген талаптарды қанағаттандыратын болса, оларды тұқым ретінде қарастыруға болады: қабылданған жалпы сызбанұсқа бойынша пайдаланылады, тіршілік етудің/таралудың ортақ мекенін бөліседі, едәуір дережедегі жабық генофонд болып табылады және отандық селекционерлер тарапынан бір-бірінен айырмашылықтары бар жануарлар тобы ретінде қарастырылады.

Экотип – өмір сүру ортасының қалыптасқан жағдайларына генетикалық тұрғыдан биімделген, жануарлардың тұқым ішіндік популяциясы.

Түйе мәртебесі қауіпін бағалау – жануарлардың генетикалық қорын (ЖГҚ) басқаруды жоспарлауда маңызды елемент болып табылады. Тұқым мәртебесінің қатері – тиісті әрекеттерді қайда және қалай жүзеге асыру керектігі жөнінде мәлімет береді. Яғни, төнген қатердің деңгейін анықтау мақсатына тиісті есептеулер жасайды, қалыптасқан жағдайларға сәйкес тұқымның жойылып кету мүмкіндігін анықтайды (Баймуканов Д.А. [5]). Популяцияның көлемі оның мәртебесін анықтауға қажетті фактор болып табылады. Ауыл шаруашылық жануарлары түрлерінің тұқымдарына төнген қатердің деңгейін бағалау үшін, ФАО келесі классификацияны пайдаланады:

Жойылған тұқым – қандайда бір тұқымның папуляциясын қайта қалпына келтіру мүмкіндігі жоқ жануарлар. Егерде, жануардан табиғатта бірде-бір аталық (ұрықтары немесе сперматозойдтары), аналық (аналық жасушалары немесе ооциттері), не болмаса эмбрионы қалмаған жағдайда – тұқым толығымен жойылған деп есептелінелі.

Жойылу алдындағы тұқым – бұларға популяция құрамындағы ұрпак әкелуге қабілетті аналықтардың жалпы саны 100- ден аз, не болмаса жыныстық қабілетті аталықтардың жалпы саны бар болғаны 5 және одан кем, не болмаса популяциядағы даралардың жалпы саны 100 немесе одан шамалы ғана артық болғанымен, олардың саны біртіндеп азая беруі байқалған және таза қанды аналықтардың саны - 80%- дан төмен болған жануарлар тобы айтылады.

Жойылу қауіпі туындаған тұқым – көбейуге қабілетті аналықтарының саны 100-ден-1000-ға дейін немесе жыныстық көбейтуге қабілетті аталықтардың жалпы саны 20 немесе одан кем болғанымен бестен көп, популяцияның жалпы көлемі 100-ге жақын немесе одан шамалы жоғары және олардың көбейуі байқалатын, таза қанды аналықтардың үлесі 80%- дан жоғары; немесе популяциядағы даралар жалпы саны 1000-ға жуық немесе одан шамалы жоғары болғанымен, олардың біртіндеп азайуы байқалған және таза қанды аналықтардың үлесі 80%-дан кем тұқымдар.

Жойылу қауіпі төнгендіктен бақылауға алынған тұқымдар – саны аз болып жойылу қауіпі туындағандықтан, мемлекеттік сақтап қалу бағдарламасына енгізілген, не болмаса коммерциялық немесе ғылыми - зерттеу жұмыстарында пайдалану аясында қолдау тапқан жануарлар тобы.

Жойылу қауіпі жоқ тұқымдарға – көбейуге жарамды аналықтар мен аталықтардың жалпы саны тиісінше 1000 және 20 бастан астам, немесе, популяцияның саны 1000-ға жеткен және соның ішіндегі таза қанды аналықтар үлесі 100% жақындаған, көбейу үдерісі орын алған жануарлар жатады.

Зауыттық тип – тұқымның бір бөлігі болып табылатын және осы тұқым өкілдеріне тиесілі ортақ қасиеттерімен бірге, тек өзіне ғана тән, өнімділігі, дене тұрқы мен сыртқы пішін сипаттарына ие, өсіру аймағының жағдайларына жақсырақ бейімделген, ауруларға төзімділік сияқты қосымша ерекшеліктерге ие болған ауыл шаруашылық жануарларының тобы.

Түйе популяцияларын зерттеу барысында олардың сандық көрсеткіштері (сипаттамалары) назарға алынады, нақтырақ айтқанда – статистикалық және динамикалық көрсеткіштері есептелінеді;

- Популяцияның статистикалық көрсеткіштері – популяцияның қазіргі кездегі нақты жағдайын сипаттайды.

- Популяцияның динамикалық көрсеткіштері – белгігі бір мерзім ішінде популяцияда өтетін үдерістер тізбегін көрсетеді. Олардың негізгілері қатарына –төлдеу көрсеткіштері, өлім-жітім деңгейі, популяция санының арту қарқындылығы жатады.

Түйелер популяцияларының статистикалық көрсеткішетін зерттеу барысында, олардың санын, тығыздығын, жыныстық құрамын, жас ерекшеліктерін, кеңістіктік - экологиялық және генетикалық құрылымдарын білу керек.

Популяцияның саны – популяциадағы даралар есебі. Уақыт өткен сайын популяцияның саны да өзгеріске ұшырауы мүмкін. Ол түрдің биологиялық мүмкіндігіктері мен басымдықтарына және сыртқы жағдайлар әсерлеріне тәуелді.

Популяцияның тығыздығы – популяциядаға даралар санының не болмаса олардың жалпы биомассасының  белгілі бір жер аумағына не болмаса көлеміне қатынасы.

Популяцияның жыныстық құрамы (жыныстар қатынасы, үлесі) – популяциадағы аналық және аталық даралардың ара-қатынастары. Жыныстық ара-қатынастарды біріншілік, екіншілік және үшіншілік деп бөледі.

- Біріншілік ара-қатынастық – жыныстық жасушалардың (гаметалардың) қалыптасуы барысында байқалатын үдеріс. Әдетте ол 1:1 құрайды. Мұндай ара-қатынастық жынысты анықтаудың генетикалық механизіміне байланысты қалыптасады.

- Екіншілік ара-қатынастық – ұрпақтардың дүниеге келуі барысында байқалатын ара-қатынастық.

- Үшіншілік ара-қатынастық – бұл ересек, жыныстық жағынан жетілген даралардың ара-қатынастығы.

Популяцияның жас ерекшелік құрылымы (жастық құрамы) – популяция құрамындағы әр түрлі жастардағы даралар санының ара-қатынасы. Жас ерекшелік құрылымы түрдің кейбір қасиеттері мен ерекшеліктеріне байланысты қалыптасады: жыныстық жетілу мерзімдері, өмір сүру ұзақтығы, көбейу уақыттарының ұзақтығы, өлім-жітімге ұшырау жиілігі және т.б. Популяцияның жас ерекшелік құрылымын зерттеу барысында, абсолютті жастық құрамы мен салыстырмалы жастық құрамдары ескеріледі. Мұнда, популяцияның абсолютті жастық құрамы белгілі бір мерзім ішіндегі қайсібір жастағы даралар санының жиынтығын көрсетеді. Салыстырмалы жастық құрамы болса, белгілі бір жастағы даралардың популяцианың жалпы санына деген үлесін не болмаса пайызын білдіреді.

Кеңістіктік- экологиялық құрылым – даралардың мекен еткен аймақ ішіндегі таралу сипаты. Ол, түрдің этологиясына (мінез-құлықтық ерекшелігіне) және қоршаған ортаның ерекшеліктеріне байланысты болады. Генетикалық құрылым – популяциадағы әр түрлі генотиптер мен аллельдердің ара-қатынасы.

Әдебиеттер

1. Кугенев П.В. Верблюдоводство. - Москва, 1982. – 87 c.

2. Наумов Н.П. Экология животных. Советская наука., Москва., 1955, 534с.

3. Северцов А.С. Основы теории эволюции. – Изд. МГУ,. 1987., 319 с

4. Айала Ф. Введение в популяционную и эволюционную генетику. – Москва: Мир, 1984. -230с.

5. Баймуканов Д.А. Эволюция и систематическое положение верблюдов //Верблюдоводство Казахстана XXI века. – Алматы: Бастау,2009. –С.12-13.

6.  Баймуканов Д.А., Баймуканов А. Эволюция и систематика верблюдов (2-е издание) //Монография. – Шымкент: Полиграф, 2011. - 88с.

7. Баймуканов Д.А., Баймуканов А. Генетика, эволюция и систематика верблюдов (полное издание). // Монография. – Шымкент: Полиграф, 2011. -117с.

8. Баймуканов Д.А., Юлдашбаев Ю.А., Дошанов Д.А. Верблюдоводство (Бакалавриат): (ISBN 978-5-906818-14-0). Учебное пособие - Москва: Издательство КУРС, НИЦ ИНФРА-Москва, 2016. - 184 с.

9. Баймұқанов Д.А., Исхан К., Жунісов А.Т. Түйе шаруашылығы өнімдерің өндіру технологиясы // Окұ қуралы (ISBN 978-601-241-084-6). – Алматы: «Айтұмар» баспасы, 2021. 164 б.

Лекции подготовили:

Баймуканов Дастанбек Асылбекович
Главный научный сотрудник отдела животноводства, ветеринарии, анализа кормов и молока Товарищество с ограниченной ответственностью «Научно-производственный центр животноводства и ветеринарии», 010000 (Z10P6B8), Республика Казахстан. г. Астана, ул. Кенесары, 40, офис 1505

Аубакиров Хамит Аблгазинович
Профессор кафедры Биотехнологии Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати, г. Тараз, Республика Казахстан

Комментарии (0)